Get Mystery Box with random crypto!

Құрметті өткен жылғы мектеп және колледж түлектері! Егер қаз | TESTCENTERKZ

Құрметті өткен жылғы мектеп және колледж түлектері!

Егер қазіргі таңда сіз жоғары оқу орнында оқып жатсаңыз, бірақ биылғы негізгі ҰБТ-ға қатысып, қайтадан 1 курсқа түскіңіз келсе, онда мына бір ақпаратты біліп жүріңіз:

Сіздерге ҰБТ-ға қатысу үшін міндетті түрде университеттен шығудың қажеті жоқ. Жоғары оқу орнында оқып жатып, ҰБТ тапсыра беруге болады.
Алайда тестілеуден тиісті балдарды жинап, грант конкурсына өтініш беретін кезде студент ретінде ешқандай университетте тіркелмеген болуыңыз керек.

Қайталап өтейік, ҰБТ ТАПСЫРУ КЕЗІНДЕ университетте оқи беруге БОЛАДЫ, ГРАНТ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСАТЫН КЕЗДЕ – БОЛМАЙДЫ.
Сондай-ақ, естеріңізге сала кетейік, басқа БББТ-ға ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері мен ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер тек ҚАҢТАР және ТАМЫЗ айларындағы ҰБТ-ға қатыса алады.



Уважаемые выпускники школ и колледжей прошлых лет!

Если вы являетесь студентом вуза, но хотите принять участие в основном ЕНТ текущего года и заново поступить на 1 курс, то просим ознакомиться с ниже предоставленной информацией:

Вам для участия в ЕНТ не обязательно отчисляться из университета. То есть, можно сдавать ЕНТ, при этом еще учиться в вузе.
Однако, после сдачи ЕНТ, при подачи заявления на конкурс грантов, вы не должны быть зарегистрированы как студент ни в одной базе университетов.

Еще раз повторим, при участие на ЕНТ можно еще учиться в университете, а в конкурсе грантов – нельзя.
Также, напомним, что студенты творческих специальностей, желающие перевестись на другие ГОПы и студенты желающие перевестись на ГОПы области образования «Педагогические науки» могут сдать ЕНТ только в ЯНВАРЕ и АВГУСТЕ.