Get Mystery Box with random crypto!

ҰБТ-2024 ТАПСЫРАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА! ҰБТ ЖЫЛ | TESTCENTERKZ

ҰБТ-2024 ТАПСЫРАТЫН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА!

ҰБТ ЖЫЛЫНА 5 РЕТ ӨТКІЗІЛЕДІ:

қаңтар, наурыз, тамыз айларында – ақылы оқуға түсу үшін (3 рет);
негізгі (мамырдан бастап маусымға дейін) – грантқа түсу үшін 2мүмкіндік.

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

ағымдағы жылдың мектеп түлектері – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
өткен жылғы мектеп түлектері – наурыз, тамыз және негізгіге;
колледж түлектері – наурыз, тамыз және негізгіге;
қандастар – наурыз, тамыз және негізгіге;
шартты түрде оқып жатқан студенттер – қаңтар, наурыз, тамыз және негізгіге;
басқа мамандыққа ауысуға ниетті шығармашылық мамандықтардың студенттері – қаңтар, тамыз айларында;
ақылы негізде «педагогикалық ғылымдар» білім беру саласына ауысуға ниетті студенттер – қаңтар, тамыз айларында тапсырады.