Get Mystery Box with random crypto!

Қайырлы күн, қымбатты абитуриенттер және болашақ студенттер! Ө | TESTCENTERKZ

Қайырлы күн, қымбатты абитуриенттер және болашақ студенттер! Өздеріңізге мәлім, қазір қаңтар айының кезекті ҰБТ-сы өтуде. Ол 10 ақпанға дейін жалғасады. Сол себепті сіздерге отандық жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік беретін ҰБТ-ның сертификаттары туралы ақпарат беруді жөн көрдім.

Сертификат Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында орналасқан талапкердің Жеке кабинетінде қолжетімді. Ол тестіленушілердің ҰБТ-да әр пән бойынша жинаған ұпайлары туралы ақпаратты қамтиды. Сертификатының мерзімі (2024 жылдың 31 желтоқсан) құжатта көрсетілген.

Сертификаттың растығын құжатта орналасқан QR-код арқылы тексеруге болатындығын атап өткім келеді. Яғни, жалған сертификатты ұсынуға тырысқанда, тексерушілер сертификатта ұсынылған деректердің дұрыстығын оп-оңай тексере алады. ҰБТ-дан өту туралы барлық деректер ҰТО серверінде толыққанды сақталады.

Сондай-ақ, азаматтардың ыңғайлы және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, «Ақпараттық ұлттық технологиялар» АҚ бірлесіп, eGov mobile мобильді қосымшасында цифрлық құжатты іске қосты. Цифрлық сертификатқа Ұлттық тестілеу орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, бұл оның деректерінің растығына және қауіпсіздігіне кепіл береді. Сертификат иесі оны QR-код арқылы ала отырып, құжатты сұратқан тарапқа оның түпнұсқалығын тексертуіне мүмкіндік береді.

​Құрметті жас достар! Болашаққа кірпіш болып қалану мақсатындағы осы қадамдарыңыз сәттілікке толы болсын! ҰБТ-да жоғары балл жинап, қалаған мамандықтарыңыздың иесі болуына тілектестігімді білдіремін!