Get Mystery Box with random crypto!

Баршаңызға қайырлы күн, оқырмандар! Әлемдегі ғылыми – техника | TESTCENTERKZ

Баршаңызға қайырлы күн, оқырмандар!

Әлемдегі ғылыми – техникалық прогрессті көріп, елдегі ахуалға ішкі бағамызды беріп жатамыз. Әсілінде, бүгінгі көрініс бізді еш жабырқатпасы анық. Есесіне даму динамикасынан қол үзіп қалмайық деп өз күш- жігерімізді мығымдап келеміз.

Сондықтан, ел экономикасын дамыту үшін біз мықты инженерлік кадрларды тәрбиелеуіміз керек.

Қазақстандағы инженерлік кадрлар Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, академик Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Ш.Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университеті, Қарағанды индустриалды университеті, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті сияқты техникалық жоғары оқу орындарында дайындалатыны баршаға мәлім.

«Техниктер» аграрлық, энергетикалық, металлургия, құрылыс, машина жасау және т.б. көптеген салаларда сұранысқа ие.

Қазір министрлік техникалық мамандарға білім беру тәсілін стратегиялық өзгерту бойынша жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін зерделеп, жоғары оқу орындарының базасын жақсартып, бейімдеуге күш біріктіріп отыр.

Мысалы, аймақтық Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да өткен жылдың соңында Тяньцзинь кәсіптік институтымен (ҚХР) бірлесіп, заманауи оқу платформаларында инженерлік практиканы қолдана отырып, инновациялық әдістер бойынша көлік инженер-студенттер оқытылатын бірегей Лу Бань шеберханасы ашылды. Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен жұмыс отандық жоғары оқу орындарының кәсібилігі мен жоғары білім деңгейін көрсетеді.

Биылғы жылы ШҚТУ базасында металлургия және пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы Қазақстан-Германия ғылым және технологиялар институтын ашу жоспарлануда.

Құрметті мектеп түлектері мен ата-аналар, мамандық таңдағанда техникалық мамандықтарға назар аударыңыз. «Техник» мамандары әрдайым қажет, себебі мұндай мамандықтың беделі күн өте артып келеді.