Get Mystery Box with random crypto!

ҚАҢТАР ҰБТ-СЫНДА ЕҢ КӨП ТАҢДАЛҒАН ПӘНДЕР КОМБИНАЦИЯСЫ Соңғы | TESTCENTERKZ

ҚАҢТАР ҰБТ-СЫНДА ЕҢ КӨП ТАҢДАЛҒАН ПӘНДЕР КОМБИНАЦИЯСЫ

Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді. Талапкерлердің 18,4%-ы «Биология-Химия» пәндерін таңдады. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және т.б. бағыттарға оқуға түсе алады.

Сонымен қатар алғашқы бестікте «Математика-Физика» – 16,9%, «Математика-Информатика» – 11,7%, «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 9,4% және «Шығармашылық емтихан» – 9,3% бар.

Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы «Математика-Физика» – 19,2% болды. Екінші орында «Биология-Химия» – 18,6%, ары қарай «Шығармашылық емтихан» – 10,2%, «Математика-Информатика» – 10% және «Шет тілі-Дүниежүзі тарихы» – 8,7%.

Толығырақ