Get Mystery Box with random crypto!

«Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы 2021 жылдың ақпан а | Ұстаз тілегі ғылыми-әдістемелік орталығы

«Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы 2021 жылдың ақпан айында Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойы қарсаңында «Сен айт менің ойымды айта алмаған...» атты онлайн оқуының өтетінін хабарлайды. 

 Байқаудың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттау, поэзияға құштарлығын арттыру, көркем сөз өнерін дамыту және жетілдіру.

Мұқағали оқулары ІІ кезеңнен тұрады:

І кезең (04.02-16.02)
1. М.Мақатаевтың өлеңін мәнерлеп оқып, әр қатысушы өз инста-парақшасына салу;
2. #ust_kz , #Mұқағали90 хэштегтерін қою, 
3. @olimpiada_kz парақшасын белгілеу;

Байқауға қатысу талаптары:
  Дауыс ырғағы,мәнері;
  Камера алдында өзін ұстауы;
  Бір қатысушы бірнеше видео сала алады;
  Жас ерекшелігі, лауазымында шектеу жоқ.

Марапаттар:
ІІ кезеңге өткен барлық қатысушылар «USTAZ tilegi» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының диплом, сертификаттарымен марапатталады. 
 
Бас жүлде – ноутбук
  І орын -50 000 теңге
  ІІ орын – 30 000 теңге
  ІІІ орын – 20 000 теңге

 Белсенділік танытып, байқаудың жеңімпазы атаныңыз!