Get Mystery Box with random crypto!

​​ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР! Сізд | Ұстазға көмек

​​ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР!

Сіздерге 2023 жылғы 21-22 шілдеде өтетін ПББ-ға өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

МАҢЫЗДЫ: Тестілеу тек суретте көрсетілген тест тапсыру пунктерінде жүргізіледі. Яғни осы мекенжайлар бойынша ғана тапсыра аласыздар.

Бұл тестілеуге қатыса алады:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);
педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.

Өтініштерді қабылдау бос орындар аяқталғанға дейін өтеді. Сәттілік!