Get Mystery Box with random crypto!

Оқырманымыздың Facebook парақшасынан: Абай хакім: Жүректе қай | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Оқырманымыздың Facebook парақшасынан:

Абай хакім: Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек - деп жазған екен.

Соңғы уақытта билікте жүрген азаматтарымыздың арасында жүректерінде қайраты жоқтар көбейді. Бірақ барлығы емес.

Жүрегінде сондай қайраты бар, қазағымызды ұйқыдан оятуға тырмысып жүрген Асхат бауырым мен оның қол астындағы оқу министрлігіне соңғы кезде ашық шабуыл көбейіп кеткенін байқап жүрмін. Осыны ойға алып, бұл неге солай болып жатыр деп талдап көрейін дедім.

Демалыстың қысқаруы мен оқу жылын ұзарту мәселесі.

Осы біздің қоғам қызық. Жапон сияқты еңбекқор, неміс сияқты тиянақты, батыстың елдері сияқты бай болғымыз келеді де, бірақ соған ешбір әрекет қылмаймыз. Ойын-думан, той-томалақ, арзан күлкі мен шоуға құмармыз.

ХХІ ғасырда ақпарат мен заман ағымы күн сайын емес, тіпті сағат сайын емес, минут сайын өзгеріп тұратын шақта біз көп білуге, өзгелерден көбірек үйренуге, уақытты босқа кетірмен пайдаға жаратудың орнына, керісінше өзімізді жұбатуға, көп қиналмауға, «ұйқым келмейді»-ні талқылауға ғана әуеспіз.

Оқу жылын ұзарту керек, бұдан біз ешқайда қашып кете алмаймыз. Бізге қоғам болып, ел болып даму керек болса – бірінші кезекте білімімізді жетілдіріп, көп оқып-білуге, үйренуге әрекет қылуымыз керек. Ол үшін оқу күндері мен каникулдарыд оңтайландыруымыз керек.

Мұғалімдердің мәртебесін көтерді, жұмысына қатысы жоқ нәрселерден алшақтатты, жалақысын өсірді, ҰБТдағы жемқорлық пен әділетсіздікті жойды.

Ал енді бірлесіп балалардың, елдің болашағына қызмет етіп жұмыс істейік, ұстаздық борышымызды орындайық, ұстаздық қылудан шаршамай еңбек қылайық дегенде, осы өзгеріске алдымен мұғалімдердің қарсы шығуы өкінішті-ақ. Көңілді қынжылтады.

P.S.
Сөз түйінін келтіре, келесіні айтқым келеді. Асхат бауырым алған беттен қайтпа, бәлкім, қазір дұрыстығыңды адамдар бағаламас, алайда, жасап жатқан әр қадамың еліміздің өркендеуіне әкелетініне кәміл сенемін. Жұрегіңдегі қайратыңменен, қазақтың ұйқылы ойларын түртіп, оята бер ...

Ізгі тілекпен, ағаң Бауыржан.