Get Mystery Box with random crypto!

Алматы облысында 120-дан астам мұғалімнің дипломы жалған болып | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

Алматы облысында 120-дан астам мұғалімнің дипломы жалған болып шықты

Прокуратура органдарының тексерісі барысында Сарқанд, Қарасай, Көксу, Ескелді аудандары мен Текелі қаласының орта мектептерінен жалған дипломмен жұмысқа орналасып, оқушыларға білім берген 122 мұғалім анықталды.

Олар Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дипломдарын ұсынған.

Көрінеу жалған құжатты пайдалану фактісіне сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Кінәсін мойындауына және "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 41 маманға қатысты қылмыстық істер тоқтатылды, соңғылары білім беру органдарынан шеттетілді.

81 маманға қатысты тергеу амалдары әлі жүргізіліп жатыр.

Жалған диплом сату / сатып алу жағдайларымен кездестіңіздер ме? Адамдар неліктен бұндай заңсыздыққа барады деп ойлайсыздар?

http://www.matritca.kz/news/110920-almaty-oblysynda-120-dan-astam-malmn-diplomy-zhalan-bolyp-shyty.html?fs=e&s=cl