Get Mystery Box with random crypto!

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЕНДІ ОҚУ КЕЗІНДЕ ТАБЫС ТАБА АЛАДЫ 2021-20 | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ЕНДІ ОҚУ КЕЗІНДЕ ТАБЫС ТАБА АЛАДЫ

2021-2022 оқу жылында қабылданған заңнамалық нормалардың арқасында мыңдаған студент табыс тапты.

Жаңа заңнамалық түзетулер колледж студенттеріне оқу-өндірістік цехтар мен оқу шаруашылықтарында өздері өндірген өнімдерді сатуға мүмкіндік береді.

Оқу-ағарту министрілігі мұндай шара студенттердің оқуға деген қызығушылығын арттырып, ынталандыратынын атап өтті.

Қазіргі таңда 444 мемлекеттік колледждің 97-інде студенттер өз өнімдері мен қызметтерін сатып жатыр.

Мысалы, олар колледж қабырғасында дайындалған тәттілерді, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сатады.

Қалай ойлайсыздар колледждің мәртебесін көтеру үшін тағы қандай шаралар қабылдау керек?