Get Mystery Box with random crypto!

ЕДЕНДЕ БАЛА ЖАТА МА? Қызылордадағы жеке оқу орталығында шу шы | ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ

ЕДЕНДЕ БАЛА ЖАТА МА?

Қызылордадағы жеке оқу орталығында шу шықты. Ата-аналар балаларының еденде ұйықтап, сапасыз тамақтанып келгенін айтып шағымдануда. Ашудан ашынған олар аймақтағы "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігіне шағым түсірген.

Аталмыш орталық облыс орталығында орналасқан. Осы уақытқа дейін де білім мекемесіне бірнеше мәрте шағым түсірілген. Соған қарамастан орталықтың жұмысын қадағалайтын құзырлы органдар бейқам отырғанға ұқсайды.

"Мен өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 7 жасар баламды мектепке даярлық тобына берген болатынмын. Өзі ерекше бала. Айына 27 мың теңгеден төлеп отырдым. Мұғалімдер баламның науқас екенін білді. Бастапқыда осындай заңсыздықтардың бар екеніне сенбеп едім, қазір шок күйде отырмын. Суретте еденде ұйықтап жатқан оқушылардың ішінде менің де балам бар. Бұл сұмдық қой", – дейді ата-аналардың бірі Гүлжан.

Толығырақ https://martebeli.kz/edende-zhatk%CB%8Can-balalar