Get Mystery Box with random crypto!

ҚАЙЫРЛЫ КЕШ! Екі күн бойы парақшамызда эссе туралы айтылды, | Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍

ҚАЙЫРЛЫ КЕШ!

Екі күн бойы парақшамызда эссе туралы айтылды, чек лист таратылды. Бұл тақырып эсіресе фейсбукта қызу талқыға түсті. Осы эссенің аттестацияда не керегі бар, жазу жолын бүйту керек, сөйту керек дегендер де болды.
Бірақ қарапайым мұғалім пікірімен санасып жатқан қоғам жоқ. Солай болған екен тапсыруға тура келіп жатыр. Бірақ оған еш мұңаймаңыздар ! Бәрі де өтеді, оған сіздердің білімдеріңіз жетеді.

Бір данышпан дуалына үш ережені жазып іліп қояды. Олардың біреуінде
;Бүгінгіні ертеңге қалдырма
деген жазу болған.

Екіншісінде: Ой жүгірт және шүкір қыл деген сөз бар еді.

Үшіншісінде:
Ашуланба! деген сөз жазылған. Қарапайым үш ереже. Бірақ бақытқа апаратын үш жол.

Мұңайма кітабынан алынды