Get Mystery Box with random crypto!

Өзге емес, өзім айтам өзім жайлы.... ⠀ Жалпы өзім туралы айтат | Алтынай Әбдіғаниқызы - Педагог-продюсер ✍

Өзге емес, өзім айтам өзім жайлы....

Жалпы өзім туралы айтатын болсам 20 жылдық тәжірибесі бар педагогпын.

Шығармашылық бағытқа қызығып айналыса бастағанмына 6-7 жылдай уақыт болды.
Әуелі балалар журналының, одан кейін мұғалімдерге арналған журналдардың бас редакторы болып қызмет атқардым.

Ал мұғалімдерге арналған жобалар жасап, бизнеске келгеніме екі жылға жуық уақыт болды.

Қазақстан бойынша балалардың шығармашылығын дамытуды бұрыннан армандайтынмын.

Әшейін жүрген уақыттарымда да бірдеңе жасап жүргендей күй кешетінмін. Сезімдерім алдамаған екен. Бірақ мен бұл арманыммен биыл ғана "Зейінді бала" парақшасында жүзеге асырдым.

Ал оған дейін Қайнарбек Сұлтанханұлымен бірге мұғалімдерге арналған 5 бірдей жоба жасадық. Небәрі 5 ақ айдың ішінде!
Қайнарбек 5 курстағы сабақтарды түгел бір өзі жазып шықса, ал мен сол 5 курста оқыған бүкіл мұғалімдерге куратор болдым.

Шынымды айтсам, артқы уақытқа қайта көз тастасам мен бір жылдың ішінде 1200 ден аса мұғалімге жалғыз куратор болған адам екенмін.

Бұл менің өз ісіме деген қызығушылығым мен сүйіспеншілігімнен болар деп білемін.