Get Mystery Box with random crypto!

Цифрлық технологияның білім берудегі маңызы. Ағымдағы жылдың | “Ұстаз Тілегі” ғылыми-әдістемелік орталығы

Цифрлық технологияның білім берудегі маңызы.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының алғашқы күндері елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты еліміздің күші бірлікте екеніне қолдау көрсету азаматтық борышымыз деп білеміз. Осы сәтте Республикалық «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы еліміздегі барша ұстаздарға қолдау көрсету мақсатында «Цифрлық технология және мұғалім» атты тегін марафон ұсынады.

Марафонның мақсаты: Цифрлық технология мүмкіндіктері туралы түсінік беру, мұғалім мен оқушылардың арасында онлайн білім беру жүйесінде жақсы қарым-қатынас орнатуға ықпал жасау. Педагогтерді ұжымдық үлгіде онлайн бірлесіп жұмыс жасауға баулу.

Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл – білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың, ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.


Марафона қаралатын тақырыптар:
1. Сабақта қолданылатын ең тиімді әдіс-тәсілдер.
2. Мектеп – ата-ана – оқушы арасындағы байланыс.
3. Онлайн білім беру жүйесіндегі платформалар.
4. Креативті ойауды дамыту.
5. Цифрлық технологияның мүмкіндіктері: Онлайн қосымшалар.
6. Аттестацияға дайындық жолдары.

Марафон ұзақтығы: 6 күн.
Басталатын күні: 17.01.2022 жыл.
Уақыты: Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00