Get Mystery Box with random crypto!

​​ҚР білім және ғылым министрлігінің БЖБ туралы енгізген бұйры | “Ұстаз Тілегі” ғылыми-әдістемелік орталығы

​​ҚР білім және ғылым министрлігінің БЖБ туралы енгізген бұйрығы!

“Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы бұйрық”

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізілген 28.08.2020.

14-1. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (бұдан әрі - БЖБ) нәтижесі бойынша білім алушыларға тоқсандық оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.

14-2. БЖБ үшін максималды балды, БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, ауызша сұрау, эссе) мен сабағын және БЖБ орындау уақыты реттелмейді.    
БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

14-3. БЖБ және ТЖБ-ға қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді.

14-4. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. 

БЖБ, ТЖБ туралы толығырақ кезекті интенсивті курстан қарай аласыз!