Get Mystery Box with random crypto!

Қыз баласы жайлы хадистер. 1. «Қыздарыңызға ашуланып,ренжіме | un.naim

Қыз баласы жайлы хадистер.

1. «Қыздарыңызға ашуланып,ренжімеңіз дер өйткені олар қымбатты,мейірімді».
2. «Алла тағала өз қыздарына сабырлық еткен әрі осы үшін сыяпатқа ие болатынын білетін адамды жақсы көреді».
3. «Қыздар - олар мейірімді,игі жандар.Бір қызы бар адамды Алла Тағала тозақ отынан сақтайды.Екі қызы бар адам,солардың себебімен жәннатқа кіреді.Ал үш қызы бар немесе қыздары секілді кішкентай қарындастары бар адам,оларға қамқоршы болса,оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі».
4. «Егер бір адамның үш қызы болса,оларды киіндіріп қамқорлық етіп,тамақтандырып оларға сабырлық етсе,қыздары қиямет күні тозақ отынан сақталуына себепші болады».
5. «Біреудің басына қыздары себепті қайғы-қасірет,сынақ келсе,ал ол оған сабырлық етсе,оттан құтқарылуына қыздары себепші болады».
6. «Кімде-кім екі қызын немесе қарындастарын,немесе анасының сіңлілерін немесе әкесінің қарындастарын және әжелерге қамқорлық етсе жәннатта Менімен бірге болады.Ал кімде - кім жоғарыда аталғандардың үшеуіне қамқорлық етсе,құтқарушылардан болып, жетістікке ие болады.Ал кім солардың төртеуіне немесе бесеуіне қамқорлық етсе . . . . ,Ей адамдар солар секілді болыңдар!».
7. «Кімнің үш қызы немесе қарындасы болса,ал біреуде екеуі болса,оларды Алла разылығы үшін ренжітсе,дегенмен оларға жақсы мәміле жасаса - ол үшін берілетін сыйлық жәннат болады».
8. «Әйелге игілік,салиқалылық берілгеннің белгісі - оның тұңғышының қыз болуы.Себебі Алла былай дейді: «Егер қаласа біреуге қыз береді,қаласа ұл береді».
9. «Салиқалы әйел - ол,аз төлемді кешіріп,бірінші нәрестесі қыз болады».
10. «Пайғамбарымыз Сурақа бин Маликке былай деген: «Саған мейірімділіктің ең жақсысын нұсқайын ба?Бұл - игілік,қызыңа берген жәрдемің, ажырасқаннан соң саған қайтарылып берілгені,сенен басқа оның ешкімі,қамқоршысы жоқ».