Get Mystery Box with random crypto!

Балам! Ертең бізден 'Мені не үшін өмірге әкелдіңдер?' деп сұ | un.naim

Балам!

Ертең бізден "Мені не үшін өмірге әкелдіңдер?" деп сұрасаң, "қартайғанда бізді бақсын", "бізге қолғабыс боп жүрсін деп таптық" демейміз. Себебі сен біздің меншігіміз емессің.

Сені Құдай белгілі бір мақсатпен жаратты. Сенің дүниеге келуіңді қалаған бізге аманат етіп табыстады. Өмірді өзен десек, сол өмірдің мәні – ағыспен ағу емес, өз жағалауыңды табу.

Мына алып ғаламға қарап, өзіңді кішкентай нүктедей көрме. Асылы, сен – үлкен әлемсің. Сан мың тағдырлар тоғысқан мына өмірде өз орның бар, қайталанбас рөлің бар. Соны табуыңа, өзіңді табуыңа, раббыңды табуыңа көмектесу бізге міндет.

Біз саған дүние деген шедеврлерге толы Құдайдың көрмесін көрсеткіміз келеді. Саған бақытты ғұмыр сыйлағымыз келеді. Себебі сен тек бақытты болу үшін жаралғансың.

https://t.me/dzhigitbek