Get Mystery Box with random crypto!

Әр әйел — өз отбасының алтын Күні. Күн — көктегі Жерге жақын г | un.naim

Әр әйел — өз отбасының алтын Күні. Күн — көктегі Жерге жақын газ бейнелі ең ыстық жұлдыз екені, Жердегі бар тіршілік Күннен қуат алып, соның жылуы мен жарығы арқасында өсіп өнетіні аян.
Ал мен Жер әлемінің жердегі Күні әйелдер дер едім. Жер бетіндегі ең ақылды тіршілік иесі адамзат болса, адамзатты құрайтын адамдар әйел құрсағынан шығады. Әйелдің күйеуіне, балаларына сіңіретін еңбегін ешқандай электрондық есептегішпен есептеп шығара алмайсың. Әйел — Ана қарызын ешбір еркек, ешбір перзент өтей алмақ емес.

Әзілхан Нұршайықов
“Мәңгілік махаббат жыры”