Get Mystery Box with random crypto!

Тәуелсіздік күні (дұға) Бұрындары бұл күнге онша қатты мән бе | un.naim

Тәуелсіздік күні (дұға)

Бұрындары бұл күнге онша қатты мән беріп, ойланбайтынмын, ондай бір терең сезімдерді де бастан кешпейтінмін.

Бірақ, шамамен соңғы 3 жыл басқаша болды. Құрбандарды, оқиғаны көз жаспен еске аламын. Ауырлықпен, қиындықпен, төгілген қан, қиылған жанмен келген Тәуелсіздікті одан әрі түсінуім үшін көбінесе видеолар көріп, театр спектакльдеріне барып, өзім де сол жақта болғандай боп сезініп келетінмін.

Біздің тәуелсіз ел болуымыз, сөзсіз, Аллаһтан. Ол үшін көп шүкір етуіміз керек. Тыныш ел, ашық аспанымыз үшін. Одан кейін сол тәуелсіздікті алуға себепкер болған аға-әпкелерімізге рахметімізді білдіруіміз керек.

Оны қалай істейміз? Қолымыздан келері тек оларға дұға ету. Дұға етем деушілер болса, бар тапқан Желтоқсан құрбандары мен тұтқындарының тізімі:

Түгелбай Тәшенов
Қайыргелді Күзембаев
Ербол Сыпатаев
Сабира Мұхаметжанова
Кенжегүл Молданазарова
Қайрат Рысқұлбеков
Мырзақұл Әбдіқұлов
Ляззат Асанова
Құрманғазы Зейноллаұлы
Ерлан Мамырханұлы
Ерлан Әбдiрашитұлы
Тоқтар Тишкулұлы
Тынышбек Қарлыбайұлы
Қадыр Сейтханұлы
Уызбек Шәкiрұлы
Бақтыбек Жұмабекұлы
Қайыргелдi Қалиақпарұлы
Қамбаров Қалдыбек
Мейрамғазы Жағыпарұлы
Шора Халықұлы
Расылхан Омарұлы
Әлiбек Құндақбайұлы
Отарбаев Кенжетай
Амандық Сәбитұлы
Сәбитова Жансая
Үсiпхан Әбдiкерiмұлы
Бақтығали Артықбайұлы
Нұрман Әлібекұлы

рухтарына бір Фатиха оқып жіберейік Аллаһ олардың күнәларын кешіріп, разы болсын!

сәздерден де Аллаһ разы болсын!