Get Mystery Box with random crypto!

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-қа жұмыс | УНИВЕРХАК: студенты и школьники Казахстана

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-қа жұмыс сапарын Harvard University өкілдерімен кездесумен аяқтады. Іс-шара барысында Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
АҚШ-тағы соңғы жұмыс күні министр Саясат Нұрбек Harvard Innovation Lab, The New England Commission of Higher Education, Davis Center fo Russia and Eurasia studies Harvard Kennedy School басшылығымен,  Дуглас Диллон атындағы мемлекеттік басқару профессоры Грэм Аллисон және Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo - FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында ведомство басшысы Қазақстандағы жоғары білім мен ғылым жүйесі, министрлік алдында тұрған перспективалар мен басымдықтар туралы айтып берді. Сондай-ақ, ҚР жоғары білімін дамыту мақсатында жетекші әлемдік жоғары оқу орнымен серіктестік ұсынылды.