Get Mystery Box with random crypto!

АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ | УНИВЕРХАК: студенты и школьники Казахстана

АЙТЫЛДЫ-ОРЫНДАЛДЫ: ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ

10.12.2019 жыл

АЙТЫЛДЫ:
«ЖОО студенттердің шәкіртақысын өсіру өзекті мәселелердің бірі екенін білемін. Бұл мәселе назардан тыс қалып, 2016 жылдан бері шәкіртақы көтерілген жоқ. Сондықтан мен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері үшін шәкіртақыны 25%-ға көтеру туралы шешім қабылдадым».

ОРЫНДАЛДЫ:
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің шәкіртақылары 25%-ға өсті.

2021 жылдың қыркүйек айында бакалаврлар стипендиясының мөлшері 20%-ға, магистранттар мен докторанттар стипендиясының мөлшері 15%-ға артты.

2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы тағы 20%-ға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15%-ға өседі.

Педагогика мамандығы бойынша оқитын студенттер 58 мың теңгеден астам, басқа бағыттар бойынша білім алатындар 37 мың теңгеге жуық шәкіртақы алатын болады. Магистранттардың шәкіртақысы 86 987 теңгеге дейін, докторанттардың шәкіртақысы 195 000 теңгеге дейін өседі.