Get Mystery Box with random crypto!

Фактілер мен даталарды есте сақтаудың 7 керемет тәсілі! (Бізді | УНИВЕРХАК: студенты и школьники Казахстана

Фактілер мен даталарды есте сақтаудың 7 керемет тәсілі!
(Бізді жоғалтып алмас үшін лайк басып, сақтап алуды ұмытпаңыз сүйікті оқырман )

1. Әр тақырыптың даталары мен фактілерін А4 параққа жазып, іліп қой!

Біз қаласақ та, қаламасақ та көз алдымызда тұрған нәрсеге көп назар аударамыз. Фактілер сумкаңда тұрғаннан көрі, көзіңнің алдында тұрсын. Көзден кеткен, көңілден де кетеді.

2. СТИКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАН!

Енді осы даталар мен фактілерді жеке-жеке стикерлерге жазып, көп жүретін жерлеріңе іліп таста. Мысалға ноутбукке, шкафқа, холодильникке, телевизорға...

3. АССОЦИАЦИЯНЫ ІЗДЕ!

Мен Абылай ханның таққа отырған жылы 1771 болса, менің анамның туылған жылы 1971. Ооо "Абылай хан таққа отырғаннан кейін тұп-тура 2 ғасыр өткенде менің анам туылыпты", - деп. Ал, Алтын адам 1969-жылы табылса, менің әкем 1968-жылғы. Оппа менің әкем 1 жасқа толғанда, алтын адам табылыпты деп жаттайтынмын.

1993-жылы ұлттық валюта шықты, ал менің 1993-жылғы ағам бар. Сол ағамның есімі мен теңгені миымда байланыстырып қоямын да, енді ол сұрақты ұмытпаймын.
Жалпы шексіз қиялға ерік берсеңдер пайдасын көресіңдер.

4. Иртервалдарға бөліп жатта

Адамның миы үлкен кітапханадағы, барлық кітаптарды есте сақтай алатындай қасиетке ие, бірақ дұрыстап қолдана алуымыз керек. Яғни, адам жады үнемі қайталанып отыратын нәрсені, өте жақсы сақтайды. Оны еске түсіру де оп-оңай. Интервалдарға бөліп жаттаудың үлгісі жобамен мынандай

•1 сағаттан кейін
•2 сағаттан кейін
•Ұйықтар алдында
•1 күннен кейін
•2 күннен кейін
•4 күннен кейін
•1 аптадан кейін
•10 күннен кейін
Осылай жалғасып кете береді

5. Хронологиялық кестені пайдалан!

Мысалға Қазақ хандарының, пайда болған округтердің хронологиялық кестелері бар. Бұл тәсілді ақпаратты миға тас қылып бекіту үшін жақсылап қолдана аламыз.

6. Диктофонға жаз

Даталарды диктофонға жазып, түнде 10-15 минут тыңдап жатсаң, құлағың да үйренеді. Адам фактілерді көзбен, ауызбен, құлақпен де жаттай алады екен. Тек көзге барлық жұмысты істетіп қойма, ренжіп қалады.

7. Параллель оқиғаларды бірге жатта

Мысалға 1992 жылы
Ту, әнұран, елтаңба қабылданды.
Қазақтан БҰҰ-ға және ЮНЕСКОҒА мүше болды.
Қазақстанның ішкі әскері құрылды.

Осы 3 оқиға да 1992 - жылы болып жатыр. Яғни, үшеуін миымыздағы 1 жерге жинаймыз деген сөз...

Және ең бастысы, қазір оқушылардың фактілерді жаттамай, оларды ажыратулары үшін функционалдық сауаттылыққа тапсырмалар беріледі. Мысалға: "Оқиғаларды рет-ретімен орналастыр", - деген секілді...

Сол үшін оқиғаларды уақытымен тез-тез ажырата алатындай болыңдар!