Get Mystery Box with random crypto!

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының қ | Ұлытау облысының әкімдігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласының қазандық мұржасынан (Жылу энергетикасы кәсіпорны) қалың қара түтін шығып жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
Жылыту маусымы барысында қалада 4 қазандық жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Осы уақыт ішінде барлығы 360 мың тонна көмір жұмсалады. Осыған байланысты көп мөлшерде түтін шығарылуы мүмкін.
Атмосфераға зиянды шығарындылардың адам денсаулығына теріс әсеріне алаңдайтын белсенділердің ақпараты негізінде арнайы экологиялық тексеру жүргізілетін болады. Оның нәтижелері жақын арада жарияланады.