Get Mystery Box with random crypto!

Көптен бері пост салынбапты. ҰБТ ға уақыт таяу… Таңның атысы, | Ubt 2021 ҰЛЫ ДАЛА ҰБТ ент

Көптен бері пост салынбапты. ҰБТ ға уақыт таяу… Таңның атысы, күннің батысы әйтеуір бір күйбең тіршілікпен уақыт зымырап өтуде. Осы уақыт аралығында ой елегінен сан түрлі сұрақтар пайда болған шығар. Бүгін таңымызды мотивациялық пост ретінде жазылған жазбадан бастағым келіп тұр. Пробный тесттерден өз қалауындағы балды ала алмай жатқан оқушылар баршылық. ҰБТ- ны сезіну үшін көп нәрсе қажет емес. Тек жауапкершілікті арқалап жүру ғана қажет. Грантқа түспей- ақ күн көруге болады, келісемін. Бірақ, қазір өз басымда болып жатқан жағдайлар өткенге өкіндіреді. Жұмыс істеп жүріп, оқуды да қатар алу деген өте қиын нәрсе. Айына кемінде 100k тг жұмсайтын кездерім болды. Оқудың ақшасынан бөлек ата- анаң керегіңе деп 20-30k салғанда ұяттан жерге кірердей боласың. Одан бөлек, оқудың ақшасын ата- анаң төлегеннен кейін сабаққа көп көңіл бөліп, жұмыс та істей алмай қалатын күндерім болады. Студенттік өмірде тапсырманы өте көп береді. Сондықтан болашақ грант иелері, алға ұмтылу жайын ғана ойлаңыз. Бұл реальный өмірде болып жатқан менің грантсыз күндерім.