Get Mystery Box with random crypto!

Қалайсыздар? Менде шикарный демалыс болып жатыр. Жатамын, жүр | Шын жүректен, Ұлбике 💛

Қалайсыздар?

Менде шикарный демалыс болып жатыр. Жатамын, жүремін, жатамын

Бүгін айдың соңы. Әдеттегідей есеп тапсырдым өзіме.

Өзім үшін жаңалық болған - табысымның жоғарылағаны. Мұндай ақшаны бұрын тек армандайтынмын.

Өткен жылы көктемде бір кісі хабарласқан еді. Опрос жүргізіп жатыр екен. Сол кісі “Жақсы өмір сүру үшін сізге ай сайын қанша ақша керек?” дегенде бір күрсініп қойып “300.000₸” дегем. Сол сәт әлі есімде. Пандемия, өзім жүктімін, жалғыз қалып кету қорқынышы. Өзім айтқан ақша мүмкін емес болып көрінген. Ал осы айда арманымдағы ақшадан әжептәуір көп тауыппын. Біреу үшін - дым емес шығар, мен үшін, үйде отырған, 3 баланың анасы үшін бұл - прям ЖЕТІСТІК. Өзімді мақтан тұтып тұрмын. Демалысты заслужила!