Get Mystery Box with random crypto!

Ер адам өзінің аяулы жарына жиі сезімін білдіріп тұруды шариға | Ulan Post

Ер адам өзінің аяулы жарына жиі сезімін білдіріп тұруды шариғатымыз құп көреді. Оның бір көрінісі – пайғамбарымыз Айша анамызға райхан гүлін жиі сыйлайтын. Сонымен қатар Айша анамызды қуанту үшін ерні тиген жерден су ішетін болған. Көңілін аулау мақсатында бірге жүгіріп, жарысып ойнайтын. Міне, нағыз исламдағы романтика.

Ғалымдарымыз: "әйеліне күліп қараған ердің ақырет дәптеріне жазылатын сауаптарды ерлер білсе ғой, шіркін! Әйелдеріне мүлдем ашуланбас еді" - деген. Пайғамбарымыздан жеткен хадисте: "Алла Тағала мұсылманға иманнан кейін, салиқалы әйелден артық нығметті берген жоқ", - делінген. Алла елшісінен салиқалы әйел кім, деп сұралғанда: "көргенде көзіңді қуантып, бұйырса итағат ететін әйел" - деп жауап берген. "Ән-Нәсәи 3131"

Алла Тағала әрбір ер азаматқа сондай қызды нәсіп етіп, көзінің қуанышы, көңілінің жұбанышы болуын нәсіп етсін!

«Аллаһтың құлдары болған әйелдерді ұрмаңдар!» (Ибн Мәжа)