Get Mystery Box with random crypto!

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі жүздесу ҚР Президенті | УДП Дадебаев

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешеніндегі жүздесу

ҚР Президенті Іс Басқармасына қарасты ұйым қызметкерлерімен кездесуім бүгін Бурабайда жалғасын тапты. Щучье-Бурабай курорттық аймағында орналасқан ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінде өткен жүздесуде мекеме мамандары ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, өзекті мәселелерді көтерді.

Мысалы, жаз мезгіліндегі көлік кептелісі шипажайдың жұмыс кестесіне кесірін тигізіп жатыр. Сондықтан трассадағы шлагбаумдарға алдын ала төлем жасайтын секілді онлайн терминал Бұрабайда да орнатылса деген ұсыныс түсті. Сонымен қатар ұжым өкілдері қызметтік көліктерді жаңарту, жұмысшыларды қызметтік баспанамен қамтамасыз ету жағын да тілге тиек етті.
Әңгіме барысында шипажайға келушілердің жиі қозғайтын сауалдары да назардан тыс қалмады. Соның ішінде - қызмет сапасы бар. Осы және өзге де мәселелерді қорыта келе шипажайды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру - уақыт талабы екенін аңғаруға болады.

Айта кету керек, кешеннің медициналық құрал-жабдықтары жоспарлы түрде жаңартылып тұрады. Пайдаланылмай тұрған техника жоқ. Былтыр медициналық бөлімге 5 жаңа жабдық сатып алынды. Биыл тағы төртеуін алуды жоспарлап отыр. Оған қоса жыл аяғына дейін 20 номер жөндеуден өткізбекші.

Бүгінгі кездесуге Ақмола облысы әкімінің орынбасары да қатысты. Сұрақтарға бетпе-бет жауап та берілді.
Өз ойларын ашық айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөліскен «Оқжетпес» кешенінің қызметкерлеріне алғыс білдіремін!