Get Mystery Box with random crypto!

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңынд | УДП Дадебаев

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Президент Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымы – Президент Телерадиокешенінің ұжымымен кездестім.

Телерадиокешен Мемлекет басшысының жұмысын ақпаратпен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Бүгінгі таңда Президент Телерадиокешені – отандық және халықаралық ақпараттық кеңістікте өз қызметін жүзеге асыратын толық циклді қазақстандық ірі медиа-компания. Жаңғыртудан кейін оның құрамына «Kazinform» халықаралық ақпараттық агенттігі, «Kazakh TV» халықаралық спутниктік телеарнасы және «Kaztube» ұлттық бейнехостингі кірді.

Ұжыммен бірге әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешу, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктер беру, қызметкерлердің мүдделерін қорғау, Телерадиокешен қызметкерлерінің кәсіби және тұлғалық өсуін ынталандыру тәсілдерін талқыладық.

Кездесу соңында үлкен шығармашылық ұжымның ерекше көзге түскен қызметкерлерін алғыс хаттармен атап өттім.