Get Mystery Box with random crypto!

Ұбтда келуі мүмкін математикалық сауаттылықтың есептері 1.Қор | ENTGRAMY

Ұбтда келуі мүмкін математикалық сауаттылықтың есептері
1.Қорапта 60 ақ шар,40 көк шар бар.Әр күн сайын ақ шарлар 1 санға азайып және көк шарлар 3 шарға көбейіп отырады.Ең аз дегенде неше күнде ақ шарлар мен көк шарлар саны теңесуі мүмкін.Жауабы:5
2.3 қауынның салмағы 2 қарбыздың салмағына тең.2 асқабақтың салмағы 3 қауынның салмағынан 4 кг кем.3 асқабақтың салмағы 2 қарбыздың салмағынан 6 кг артық.Қауынның массасын тап.Жауабы:8кг
3.Берік тікбұрышты параллелипипед пішіндес қорабының әр қырын екі есе кемітті.Беріктің қорабының көлемі.Жауабы:8 есе кеміді
4.Кестеде 5 –сыныптағы оқушылар саны көрсетілген.Егер ауытқуы 2 тең болса,онда 5-В сыныбындағы оқушылар санын анықта: Жауабы:22 немесе 30
5.Суретте көрсетілген фигураның ауданын тап.Қабырғалары 18м,5м,7м.Жауабы:108м2
6.22 сағат 30 минут болғанда сағаттың минуттық және сағаттық тілдері қандай бұрыш жасайтының тап.Жауабы:135
7.a+b=6; c+d=8 болса ,онда түбір астында a^2+b^2+c^2+d^2+2(ab+cd) өрнегінің мәнін тап.Жауабы:10
8.Ерлан ломбардтан күрделі процентпен (әр жыл сайын бірдей процентке өседі)несие алмақшы болды.Егер 2 жылда 69%-ке өссе,жылдық проценті.Жауабы: 30 процент
9.Бір түзудің бойында бірдей қашықтықта үш баған орналасқан.Шеткі екі бағанның биіктігі сәйкесінше 16 м және 24 м.Ортанғы бағанның биіктігін тап.Жауабы;20м
10.Ені 1м,ұзындығы 8м матадан 20 жастықтың тысы тігілді.Ені 1,5 м матадан 15 жастық тысын тігу үшін қанша метр мата сатып алу керектігін тап.Жауабы;9м
11.Математика сөзіндегі әріптердің орнын ауыстыра отырып қанша сөз жасап шығаруға болатынын тап.Жасалған сөздің мағынасына мән берілмейді. Жауабы:151200
12.Ерсұлтан және оның әкесі бірге үй ауласына бассейн салмақшы болды.Сызба бойынша бассейннің ұзындығы 6м,ені 4 м және тереңдігі 2м құрады. Бассейнді плиткалау үшін 20 см,ал ұзындығы 40 см болатын қанша дана плитка керек екенін тап.Жауабы;800
13.Суретте көрсетілген мәліметтер бойынша қоршаудың(раманың)ауданын есептеңіз.(қабырғалары: 16см,32см,36см).Жауабы: 832
14.Сабақта гүлдерді шаршы тәріздез және үшбұрыш тәріздес екі алаңға отырғызды.Шаршы алаңның ауданы үшбұрыш ауданынан 50 пайызға артық,ал аудандарының айырмасы 27.Шаршы аланның периметрін тап.Жауабы: 36м