Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап: 1. Ең көне тас құралдар табы | UBT TIME⏳

Қазақстан тарихынан сұрақ-жауап:

1. Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан
2. 2.Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж
3. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді
4. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан
5. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін
6. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
7. Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы
8. Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы
9. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан
10. Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа
11. Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар
12. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж
13. «Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр
14. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
15. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
16. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев
17. Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай
18. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж
19. Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан
22. 1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек
23. ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
24. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
a. жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %
25. Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы
26. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай
27. 1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай
28. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк
29. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз
30. Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит
31. Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам
32. 1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның
33. XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі
34. Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж
35. 1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы
36. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын
37. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев
38. Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730
39. Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін
40. 1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус
41. Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары
42. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу
43. . 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
44. 1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу
45. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны