Get Mystery Box with random crypto!

Грант конкурсы кезінде 4 таңдауды қайда, қалай жасайды Ол 4 | ҰБТ 2024 | СЛИВЕТЕР | QUIZIZZ | УНИВЕРЫ | ВИТОРИНА | UbtSmart

Грант конкурсы кезінде 4 таңдауды қайда, қалай жасайды

Ол 4 таңдауды қайда жасайды? Қалай жасайды? Бүгінгі постта толық түсіндіріп көрейік

Грант конкурсында құжаттар тапсырудың(4 таңдауды жасаудың) 3 жолы бар

Офлайн. Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы. Яғни, саған жақын жердегі КЕЗ КЕЛГЕН университеттің қабылдау комиссиясына барып тапсыруға болады. Бұл кезде 4 таңдаудың біреуіне сол университетті таңдау міндетті емес.

Мысалы, Айжан Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне барып, мынадай өтініш тапсырады:

1. “Математика мұғалімдерін даярлау” - ЕНУ
2. “Физика мұғалімдерін даярлау” - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
3. “Математика және статистика” - СДУ
4. “Электр техникасы және энергетика” - Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті.

Көріп тұрғаныңдай, бұл өтініштің ішінде Қ.А. Ясауи университеті жоқ.

Онлайн. Шалғай аймақта тұратын талапкерлер үшін ЖОО-да виртуалдық қабылдау комиссиялары талапкерлерге видео байланыс арқылы кеңес беріп, құжаттар қабылдайды.

Онлайн. Egov.kz порталы арқылы.

Грант конкурсы қай уақытта болады?

Грант конкурсы негізгі ҰБТ біткеннен кейін болады. Алдыңғы жылы негізгі ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өткен болатын. Ал грант конкурсына өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында өткізілді. Грант иегерлерінің тізімі 5 тамызда жарияланды.

Биыл да талапкерлер ҰБТ-ның екі сертификатының өзі қалаған біреуін конкурсқа ұсына алады. Мысалы Айжан бірінші ұбтда 97 балл, екінші ұбтда 118 балл жинаса, грант конкурсына екінші сертификатын тапсырады. Себебі, ондағы балы көбірек.

Бәрі түсінікті ме? Сұрағың болса төменге жаз