Get Mystery Box with random crypto!

Түлектерде кеңес: 1) Мұғалімдермен ұрыспаңдар 2) Пысық болыңд | Ұбт ға дайндалам дейтіндерге

Түлектерде кеңес:

1) Мұғалімдермен ұрыспаңдар
2) Пысық болыңдар, қу болыңдар
3) Дұрыс тамақтаныңдар
4) Старостамен жақсы қарым-қатынаста болыңдар
5) Ұйқыларыңа қатты көңіл бөліңдер
6) Баяндама, реферат, презентациялар - ОҢАЙ КЕЛЕТІН БАЛЛ
7) Мұғалімдерден қорықпаңдар. Олар, байсалды түрде сабаққа қатысатындарды жақсы көреді
8) Сұраудан, қателесуден қорықпаңдар. Сендер ҮЙРЕНУ үшін келдіңдер
9) Денсаулықты сақтаңдар
10) Бірінші курста сабақтан қалмаңдар, мұғалімдердің қосымша тапсырмасын да орындап тұрыңдар. Мұғаліммен жақсы қарым-қатынас, 90% жақсы баға әкеледі
11) Тек қалаған оқуыңа түс
12) Үлкен курстарғылармен танысыңдар. Олар мұғалімдер туралы, өщдерінің қулықтары туралы айтып береді. Бақылау, рубежка, сессия сұрақтарымен де бөліседі.
13) Достарым барды екен деп, тура сондай мамандықты таңдамаңдар
14) Ақша жинаңдар
15) ҰБТ-да баллың төмен болып қалса, келесі жылы тапсыр. Қаламаған оқуыңа барма. Себебі ҰБТ қайта тапсыру үшін 1 жыл жоғалтасың, қаламаған оқуға түссең 4 жыл жоғалтасың.
16) Мектептегі бағаларды ұмыт, универде бәрі басынан басталады
17. Егер сабақті білетін балаларды үйіне жіберетін мұғалімдер болса, сонда да сабақта қалыңдар. Ол сабақтан да бақылау тапсырасыңдар, ал мұғалім сабақта отырғандарды есінде сақтайды.
18) Сабақта “қарыздарың” неғұрлым көп болса, соғұрлым оқудан жылдамырақ шығарып жібереді