Get Mystery Box with random crypto!

#қазақдебиет @ubtent2022 ЖатТаңыздар 1. Құтадғу білік (' | ҰБТ-2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣🎓

#қазақдебиет
@ubtent2022
ЖатТаңыздар
1. Құтадғу білік ("Құтты білік") атты еңбектің авторын табыңыз.
Жүсіп Баласағұн.
2. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз. XІV ғ.

3. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз.
Шойынқұлақ.

4. Айман - Шолпан жырындағы Айманның ақылы неден байқалатынын белгілеңіз. Баланы баурап алуынан.

5. Біржан салдың "Жанбота" өлеңінің шығуына себеп болған жайтты табыңыз. Өткір ыза.

6. Мақалдың алғашқы жолын белгілеңіз.
…, тірлік болмас. Бірлік болмай.

7. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -...деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз. Өзі.

8. Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса …
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес! – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын анықтаңыз. Доспамбет.

9. "Жалп - жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған, "- деген жолдар қай шығармадан алынғанын анықтаңыз. "Қоғалы көлдер, қом сулар".

10. Махамбеттің ағасын атаңыз. Бекмағамбет.

11. Исатай - Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақын аты - Шернияз Жарылғасұлы.

12. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз. Дулат.

13. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз. «Үш қиян», «Өлім».

14. Шоқанның қазақ өлеңдерін нешеге бөлгендігін анықтаңыз. 5

15. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз. Ыбырай Алтынсарин.

16. Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармаларының жалпы санын белгілеңіз. 27.

17. Шәкәрімнің "Қалқаман - Мамыр" дастанында Мамырды атып өлтірген кім екенін анықтаңыз. Көкенай.

18. Батыр Баян поэмасында қай ханның аты көп аталады? Абылай хан.

19. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте»
Кімнің портреті екенін көрсетіңіз. Мұқаш.

20. Бейімбет Майлиннің шын есімін табыңыз. Бимағамбет.

21. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І. Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады, - деген пікірдің авторын көрсетіңіз. Қ. Жұмалиев.

22. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз. Кенен.

23. С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасында бала Нұрмағанбеттің алғашқы ерлігі қашан байқалғанын табыңыз. Асау тайды үйретуінен.

24. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз. Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында

25. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз. "Ұлпан".

26. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қандай көркемдегіш сөз бар? Теңеу.

27. Қазақ театрының туып, қалыптасуына артист ретінде үлес қосқан азаматтарды көрсетіңіз. Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов.

28. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз. Р. Ғамзатов.

29. Шерхан Мұртазаның туған жерін табыңыз. Жамбыл облысының Жуалы ауданында

30. Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз. Табиғаттың байлығын қорғау.