Get Mystery Box with random crypto!

#ЗООЛОГИЯ: 1. Дене пішіні үнемі өзгереді: Кәдімгі амеба 2. А | ҰБТ-2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣🎓

#ЗООЛОГИЯ:
1. Дене пішіні үнемі өзгереді: Кәдімгі амеба
2. Адымдап қозғалады: Гидра
3. Сұңқартектестер: сақалтай
4. Ұйқы ауруын таратады: Цеце шыбыны
5. Жұмыртқасы пәлдеде қыстап шығады: айқышты өрмекші
6. Жылан тілінің қызметі: айналаны сипап сезу
7. Гидраның энтодерма қабатынан не дамиды: асқорыту, безді жасушалар
8. Гидрада эктодермадан не дамиды: атпа жасушалары, тері-бұлшықет, жүйке жасушалары, аралық
9. Қозғалу органоидының пішіні өсімдік тамырына ұқсас біржасушалы ағза: амеба мен арцелла/ тамыраяқтылар
10. Түрленіп дамитын омыртқалы жануар: бақа
11. Қантұрғын тудыратын ауру: безгек
12. Құртамыш тудыратын ауру: кокцидоз
13. Холмогор қандай бағытта өсіріледі: сүтті бағыт
14. Суыртқының дамуын зерттеген: Федченко
15. Акуланың асқорыту жүйесі рет-ретімен: ауыз қуысы- жұтқыншақ- өңеш- қарын- аш ішек- тоқ ішек- клоака
16. Денесі тұрақты қарапайымды: талшықтылар, бунақай, күншар, күнқұлақ, бақалшақты амеба
17. Аяқсыз қосмекенді: сақиналы құртпошым
18. Таспа құрттардың өкілдері: сиыр цепені, жармасқақ
19. Сиыр цепенінің дернәсілдері: сиырда дамиды
20. Гидраның зақымданған жерінің қйта қалпына келуі: регенерация
21. Қандауыршаның зәр шығару жүйесі: зәр шығару түтікшелері- арнайы тесік
22. Бір орыннан қозғалмай тіршілік ететін шаян: теңізжаңғақ, теңізүйрек
23. Табақша тәрізді ішекқуысты: айқышты медуза, құлақты медуз-аурелия, цианея

#биология
@ubtent2022