Get Mystery Box with random crypto!

#ҚазақтыңТұңғыштары #тарих Бірінші хан - Керей хан Болатұл | ҰБТ-2️⃣0️⃣2️⃣2️⃣🎓

#ҚазақтыңТұңғыштары

#тарих

Бірінші хан - Керей хан Болатұлы (1465-1473)

Бірінші ойшыл - Асан Қайғы (Асан Сәбитұлы, XIV - XV ғ.ғ.)



Бірінші шешен - Жиренше шешен (XV ғ.)

Бірінші заң шығарушы - Қасым хан Жәнібекұлы (1455 - 1523/1524). Қасым ханның қасқа жолы есіңізде болар?!



Азия мен Еуропаны аралаған бірінші саяхатшы - Қазыбек бек Тауасарұлы (1692-1776)



Орта жүздін бірінші ханы - Сәмеке (Шахмұхаммед) хан Тәукеұлы (1718-1734)

Кіші жүздің бірінші ханы - Әбілқайыр хан Айтақұлы (1718-1748)

Бірінші батыр қыз - Гауһар (XVIII ғ.). (Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы)


Бірінші мұғалім, ағартушы, оқулық шығарушысы - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889)

Қазақша жазба әдебиетінің бірінші қалаушысы - Абай Құнанбайұлы (1845-1904)

Жоғары білім алған алғашқы қазақ - Сейдахмет Сүйінішқалиев (1881 жылы Қазан университетінің физикалық математикалық факультетін бітірген)

Екі жоғары білім алған бірінші қазақ - Дінмұхаммед Сұлтанғазин (1895 жылы Санкт-Петербург университетінің шығыстану және құқық факультеттерін бітірген)


Бірінші режиссер - Жұмат Шанин (1892-1938)

Бірінші әйел-мұғалім - Хұсни-Жамал Зұлқарнайқызы Нұралыханова (1894 жылдан бастап)

Бірінші қазақ, құрметіне астрономиялық нысанға есімі берілген ғалым - Қаныш Сәтбаев (1899-1964)

Тұңғыш кәсіби суретші - Әбілхан Қастеев (1904-1973)

Тұңғыш кәсіби мүсінші - Хәкімжан Исмаханұлы Наурызбаев (27.08.1925-04.09.2009)

Бірінші әйел-дәрігерлер - Гүлсім мен Мәриям Асфендияровалар (1908 жылы Санкт-Петербург медицина университетін бітірген)


Қазақ алфавитін түзіп және оған оқулық бірінші шығарған - Ахмет Байтұрсынұлы (1912 ж.)

Бірінші биші - Шара Жиенқұлова (1912-1990)

Қазақстанның (Алаш Орданың) бірінші премьер министрі - Әлихан Бөкейхан (1917-1920)

Шетелде қазақ әндерін бірінші орындаған - Әмре Қашаубаев (Париж, 1925 ж.)

Әскери академияны бітірген қазақтың бірінші командирі - Рамазан Құрманғалиев (Ленинград, 1930 ж.)

Бірінші ұшқыш - Жақыпбек Малдыбаев (1938 жылы авиакатастрофада қайтыс болды)

Рейхстагқа ту тіккен Кеңес Одағының бірінші солдаты - Рақымжан Қошқарбаев (1924-1992)



Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алған бірінші қазақ - Талғат Бигельдинов (1944 ж., 1945 ж.)

Бірінші спорт шеберлер:

і - Ш. Бекбаев (жеңіл атлетика, 1943 ж.)

Шоқыр Бөлтекұлы (бокс, 1946 ж.),

әйелдер арасында - Г. Майлыбаева (атқыш, 1953 ж.),

А. Муслимова (шахмат, 1965 ж.)

@ubtent2022