Get Mystery Box with random crypto!

Көздің құрылысы Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпар | ҰБТ_ДАЙЫНДЫҚ 2k23 📚

Көздің құрылысы
Адам сыртқы ортада болып жатқан түрлі ақпараттардың 80–90% астамын көзбен көріп біледі.Көру мүшесі көз алмасы мен қосымша аппараттардан тұрады.Көз алмасы 3 түрлі қабықшадан тұратын шар тәрізді мүше.
Сыртқы қабықшасы–қалың, тығыз, дәнекер ұлпасынан тұратын ақ қабықша.Бұл қабықша көз алмасының артқы бөлігін қаптап тұрады.Ақ қабықшаның алдыңғы жағы мөлдір әрі дөңесқасаң қабықшаға айналады.Ақ қабықша көз алмасына пішін береді, қасаң қабықша жарық сәулесін өткізеді.
Ортаңғы қабықшасы–қантамырларына бай тамырлы қабықша.Бұл қабықшада қантамырлары көп болғандықтан көзді қоректік заттармен қамтамасыз етеді.Тамырлы қабықшаның алдыңғы жағы нұрлы қабықшаға айналған.Нұрлы қабықшаның дәл ортасындағы тесік–көз қарашығы деп аталады.
Қарашық арқылы көздің ішіне жарық өтеді.Көз қарашығы бірде ұлғайып, бірде кішірейіп көзге жарықтың өтуін реттейді.Жарық мол түссе қарашық кішірейеді, аз түскенде ұлғаяды.Қарашықтың кішірейіп немесе ұлғаюы нұрлы қабықшада болатын бұлшықеттердің жиырылып босаңсуына байланысты.