Get Mystery Box with random crypto!

​​ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» | ҰБТ 2024 / UBT Academy 2024

​​ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша ақпарат!

Құрметті достар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2022-2023 оқу жылына гранттар мен шәкіртақылар тағайындауға конкурс жариялады.
Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар.

Жоо-ның ақылы бөлімінде білім алатын студенттер
мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған студенттер;
ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
толық емес отбасыдан 1 және 2 топтағы мүгедек балаларды тәрбилеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
ата-аналары/ата-анасының бірі 1 және 2 топ мүгедегі болып табылатын студенттер.

Өтініш беру мерзімі 23 тамызға дейін өтеді. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызда жарияланады. Мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар!
МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат www.qazaqstanhalqyna.kz сайтында.

Дереккөз:ҰТО