2021-06-01 18:55:09
11.05.2021
ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ (ҰБТ-2021 кездесетін тарихи даталар тізімі)
«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
Ежелгі дүние тарихы
1.
Б.з.д. 1792-1750 жж.
– Хаммурапи Вавилон мемлекетінде патшалық етті.
2.
Б.з.д. VII ғасыр
– Ассирия ежелгі дүниедегі қуатты әскери мемлекетке айналды.
3.
Б.з.д. VI ғасыр
– Парсы патшалығының құрылуы.
4.
Б.з.д. 594 ж.
– Солон Афиныда архонт (билеуші) болып сайланды. Солон реформалары.
5.
Б.з.д. 519-518 жж.
– І Дарийдің сақтарға қарсы жорығы.
6.
Б.з.д. 509 ж.
– Римде республика орнады.
7.
Б.з.д. V ғ.
– Афины Ежелгі Грекияда қуатты демократиялық мемлекетке айналды.
8.
Б.з.д. IV-III ғғ.
– Бактрия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды.
9.
Б.з. 395 ж.
– Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді.
10.
Б.з. 452 ж.
– Аттила өз әскерімен Солтүстік Италия жеріне басып кірді.
11.
Б.з. 476 ж.
– Батыс Рим империясының құлауы.
Орта ғасырлар тарихы
12.
481-511 жж.
– Франк мемлекеті мен меровингтер әулетінің негізін қалаушы король Хлодвигтің билік құруы.
13.
532 ж.
– Константинопольдегі «Ника» көтерілісі.
14.
570-632 жж.
– Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмір сүрген жылдары.
15.
661-750 жж.
– Араб халифатында Омейя әулетінің билік етуі.
16.
711-718 жж.
– Арабтардың Испанияны жаулап алуы.
17.
882 ж.
– Киев Русі мемлекетінің құрылуы.
18.
995-997 жж.
– Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун ибн-Мұхаммед Хорезмшахтардың біртұтас мемлекетін құрды.
19.
1040-1060 жж.
– Тоғрыл-бек Кіші Азияда Салжұқ түріктерінің мемлекетін құрды.
20.
1096-1099 жж.
– Бірінші крест жорығы.
21.
1265 ж.
– Ағылшын парламентінің құрылуы.
22.
1302 ж.
– Францияда Бас штаттар шақырылды.
23.
1337-1453 жж.
– Англия мен Францияның арасындағы Жүз жылдық соғыс.
24.
1380 ж.
– Куликово шайқасы.
25.
1382 ж.
– Тоқтамыс ханның Мәскеу қаласын басып алуы.
26.
1453 ж.
– ІІ Мехмед басқарған Осман түріктері Константинопольді басып алуы.
27.
1455-1485 жж.
– Англиядағы Ал қызыл және Ақ раушандар соғысы.
28.
1517 ж.
– Лютердің 95 тезисін жариялап, индульгенцияға қарсы шығуы.
29.
1533-1584 жж.
– IV Иванның Ресейде патшалық құруы.
30.
1556-1605 жж.
– Ұлы Моғол империясында І Акбардың билік етуі.
31.
1558-1603 жж.
– І Елизавета патшайымның Англияда билік етуі.
32.
1566 ж.
– Нидерланды буржуазиялық революциясының басталуы.
33.
1603 ж.
– Англияда Стюарттар әулетінің билігінің басталуы.
34.
1613-1917 жж.
– Ресейде Романовтар әулетінің билік құруы.
Жаңа заман
Шығыс Елдері
35.
1755-1759 жж.
– Цин империясының Жоңғария мен Шығыс Түркістанды басып алуы.
36.
1774 ж.
– Ресей мен Түркия арасындағы Кучук-Қайнар бітімі.
37.
1840-1842 жж.
– Қытайдағы бірінші «апиын соғысы».
38.
1856-1860 жж.
– Қытайдағы екінші «апиын соғысы».
39.
1858 ж.
– Ресей мен Қытай арасындағы Айгүн шарты.
40.
1867-1912 жж.
– Жапониядағы Мэйдзи дәуірі.
41.
1878 ж.
– Берлин конгресі. II Абдул-Хамидтің Сербия, Черногория мен Румынияның тәуелсіздігін жариялауы.
42.
1904-1905 жж.
– Орыс-жапон соғысы.
Еуропа және Америка
43.
1607 ж.
– Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы тұрақты қонысы Джеймстаунның (Виргиния) негізі қаланды.
44.
1640 ж.
– Англиядағы «қысқа парламент».
45.
1653-1658 жж.
– Англиядағы О. Кромвельдің протектораты.
46.
1776 ж.
– АҚШ-тың құрылуын жариялаған Тәуелсіздік декларациясының қабылдануы.
47.
1787 ж.
– АҚШ Конституциясының қабылдануы.
48.
1789 ж.
– Бастилиянының алынуы. Француз революциясының басталуы.
49.
1789 ж.
– Францияда Адам және азамат құқықтары декларациясының қабылдануы.
50.
1804 ж.
– Наполеон Бонапарттың І Наполеон деген атпен Францияның «императоры» атағын қабылдауы.
51.
1812 ж.
– Ресейдің Наполеон әскерлеріне қарсы Отан соғысы.
52.
1813 ж.
– Лейпциг түбіндегі «Халықтар шайқасы».
53.
1823 ж.
– АҚШ-та «Монро доктринасының» жариялануы.
54.
1861 ж.
– Италия патшалығының құрылуы.
55.
1861-1865 жж.
– АҚШ-тағы азамат соғысы
56.
1871 ж.
– Версальда Герман империясы құрылуының жариялануы.
57.
1871 ж.
– Париж коммунасы.
890 views𝒆𝒓𝒛𝒉𝒂𝒏⁰⁴•⁰²•⁰⁴, 15:55