Get Mystery Box with random crypto!

Гормондар және олардың функциялары Қысқа да нұсқа, сонымен қ | ҰБТ | UBT 2022

Гормондар және олардың функциялары
Қысқа да нұсқа, сонымен қатар түсінікті

Альдостерон — организмдегі минеральды зат (Na, К) және су алмасуын реттейтін бүйрекүсті безі қыртысты затының гормоны.

Вазопрессин - аралық ми гипоталамусының алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядро) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін, адам мен жануарлардың нонапептидтік нейрогормоны.

Глюкагон — ұйқы безі аралшықтарының альфа жасушалары (А клеткалары) бөлетін гормон.

Инсулин - эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон.

Кортикостероид - бүкіл организмге әсерін тигізеді; қабынуға қарсы қасиеті бар; қандағы қант мөлшерін, артериальді қысымды, бұлшық ет тонусын ұстайды және реттейді;

Окситоцин— жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиырылуына және желіннен сүттің бөлінуіне әсер ететін гипоталамустың нейрогормоны.

Паратгормон - денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейтін гормон.

Пролактин - мишықтың алдыңғы бөлігінде шығарылатын сүт бездерінің сүт шығару процесін басқаратын гормон.

Эстроген - әйелдің жыныс органдарының дамуын қамтамасыз ететін гормон.

Тестостерон - еркек адамның негізгі жыныс гормоны.