Get Mystery Box with random crypto!

Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толғалы | Алтынсарин академиясы

Биыл ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толғалы отыр.
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева Нұр-Сұлтан қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №48 мектеп-лицейінің алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиынына қатысты.
1921 жылы Ахмет Байтұрсыновтың бастамасымен ғылыми-әдістемелік орталық құрылған, ол – өткен жылы 100 жылдық мерейтойын атап өткен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы.
Мадина Ағланқызы мектеп мұғалімдері мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, бірінші сынып оқушылары мен бітіруші сынып оқушыларына сәттілік тіледі. Ахмет Байтұрсынұлының отандық білімді дамытудағы баға жетпес рөлін атап өтті, сондай-ақ мектепке Алтынсарин академиясы қызметкерлерінің білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы «Өлшеу және бағалау» монографиясын сыйлады.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және сарқылмас шабыт тілейміз!