Get Mystery Box with random crypto!

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2024 жылдар | Алтынсарин академиясы

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы аясында «Білім және ғылым саласындағы зерттеулер» бағыты бойынша екі грантқа ие болды.
Алтынсарин академиясы конкурсқа жеті ғылыми жоба ұсынды, олардың төртеуі сараптамадан өтіп, ұлттық ғылыми кеңес қарауына жетті. Нәтижесінде екі ғылыми жоба мақұлданды. Конкурсқа қатысуға барлығы 1200-ге жуық өтінім түскен.
Конкурстың мақсаты – ғылыми ұйымдар мен олардың ұжымдарының, сондай-ақ ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін, ғылыми-техникалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз және ғылыми жобалардың табысты жүзеге асуына тілектеспіз!

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина стала обладателем двух грантов по направлению «Исследования в области образования и науки» в рамках конкурса по грантовому финансированию фундаментальных и прикладных научных исследований по научным и научно-техническим проектам на 2022-2024 гг.
Всего Академия Алтынсарина представила на конкурс семь научных проектов, четыре из которых прошли экспертизу и вышли на рассмотрение национального научного совета. В результате были одобрены два научных проекта. Всего на участие в конкурсе было подано около 1200 заявок.
Цель конкурса – повышение уровня научно-исследовательских работ, научно-технического потенциала и конкурентоспособности научных организаций и их коллективов, а также ученых.
Поздравляем наших ученых с победой и желаем успешной реализации научных проектов!