Get Mystery Box with random crypto!

Бүгінгі күнге мотивация ⠀ Неліктен сіз басқалардың пікірін ты | Ұлпан Түзелбек|Копирайтинг интенсив 12шілде

Бүгінгі күнге мотивация

Неліктен сіз басқалардың пікірін тыңдайсыз? Неге: «Бұл сенің ісің емес», «Бұл нәрсені істеудің қажеті жоқ», «Сен жетістікке жете алмайсың», «Саған ондай болу үшін қайдааа», «Сенен ештеңе шықпайды», «Сен жас емессің ғой» дегендермен, сізді тоқтататын ойлармен неге келісесіз?

«Сіздің мақсатыңыз бен арманыңызға күлетіндерді неге тыңдайсыз? Неліктен сіз оларды әлі күнге дейін тыңдап отырсыз?

Олар өздері жетістікке жетпегеннен кейін басқалардың жеңістерін көргісі келмейді.

Сіздің олардан табысты әрі бақытты болатыныңыздан қорқады.

Оларда бос уақыт пен негативті ойлар көп

Сондықтан ойыңызға келгенді істей беріңіз! Өз идеяларыңызды шындыққа айналдырыңыз! Жасаңыз! Не болса да жасаңыз! Мүмкін сіз өзіңіздің идеяларыңызбен бұл әлемді, өзіңіздің өміріңізді өзгерте аласыз.

Тоқтамаңыз!Әрекет ете беріңіз!
Өзіңізді өзіңіз қолдаңыз!

Бүгінгі мотивация шабыт берсе пікір күтемін