Get Mystery Box with random crypto!

Қазақстанда 2022 жылы 84,2 миллион тонна мұнай өндірілген Мұн | ТрубРемЦентр

Қазақстанда 2022 жылы 84,2 миллион тонна мұнай өндірілген

Мұнайдың басым бөлігін «ҚазМұнайГаз» ҰҚ өндірген – 22,5 млн т, бұл жалпы өндірістің 26,7% құрайды. Chevron (16,6 млн т) компаниясы 19,7% үлесімен 2-ші орында. ExxonMobil (9,4 млн т) компаниясы 3-ші орында (11,2%).

Мемлекеттер бойынша:
1-ші орын АҚШ инвесторларына тиесілі (31%).
Отандық инвесторлар (ҚМГ және жеке KZ компаниялар) 30,6% үлесімен 2-ші орында.
Қытай инвесторлары үштікте (15,6%).

Теңіз, Кашаған, Қарашығанақ жобаларына мұнай өндірісінің 63% тиесілі.
Қазақстанның мұнай өндірісінде 14 елдің инвесторлары бар. 90-нан аса мұнай компаниялары мұнайды өндіруде.

Естеріңізге сала кетейік, Конституция бойынша еліміздің жер қойнауы халыққа тиесілі, инвесторларға жер қойнауын пайдалану құқығы тек уақытша берілген (мемлекетке қолмақты салықтар төленуде).

www.t.me/NRG_monitor