Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде Жапониядағы іскерлік әдебі жайлы. Жақында жап | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

Жапониядағы іскерлік әдебі жайлы.
Жақында жапондық серіктестерімізге осы уақытқа дейін бірлесіп жұмыс істеп келе жатқандары үшін алғыс ретінде сыйлық сыйлау туралы ой келді. Бірақ, ол біз ойлағандай оңай емес екен, олардың өз ережелері бар болып шықты. Құттықтауға келгенде, іскерлік әдеп тұрғысынан өзгешелеу екен:
- жапон іскерлік мәдениетінде сатушы сатып алушыны құттықтайды, мысалы, Japan Bio Sience ⇨ Marine Health.
- басшылардың жеке туған күндері - табу

Не сыйлауға болады?
- Жаңа жылға арналған ашықхат  (жаңа жылға жақсы тілектер тілеу);
- OSEIBO. Өткен жылға алғыс ретінде және жаңа жылда достық қарым-қатынас жалғасын тапсын деген ниетпен жыл соңында (желтоқсан айында) берілетін сыйлық . Оған кәдесыйдан гөрі, дәмді тағамдар ұсынылады екен.
- OCHUGEN. Дәл сол сияқты сыйлық, тек жазда сыйланады (шілде айында).

Екеуі де сатушы тарапынан тұтынушыға сыйланады, бірақ керісінше жасауға да болады. Оның үстіне шетелдік компания.

Қазіргі таңда бұл дәстүрлер маңыздылығын жойған; компаниялардың көпшілігі сыйлық қабылдамайды. Өйткені, бұл сырт көзге "пара" сияқты көрінеді және бәсекелестік еркіндігіне кері әсерін тигізеді. Мысалы, Наканихонда  OCHUGEN мен OSEIBO жоқ, ал Japan Bio Labs-та бұл дәстүр әлі сақталған. 
Бұл компаниялар — МН өнімдеріне арналған шикізатпен қамтамасыз ететін біздің серіктестеріміз.

Текст на русском языке выше