Get Mystery Box with random crypto!

Қазақ тілінде «HR стратегия» тақырыбы бойынша оқуымызды тәма | 🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление

Қазақ тілінде

«HR стратегия» тақырыбы бойынша оқуымызды тәмамдадық. Басты 3 инсайт:

1. Бизнестегі басты нәрсе — жоспар мен мақсат. Мақсатыңыз болмаса, ақша да, тиімділік те болмайды. Жоспар мен мақсат болмаса, адамдар тиімді жұмыс істей алмайды, өйткені бұл — біздің жұмысымыздың бір бөлігі.
2. Әр адамның өз ақпарат қабылдау арнасы болады. Басқаларды өзің сияқты деп ойлауға және өзің ғана түсінетіндей етіп сөйлеуге болмайды. Жұмысыңызды, оқуыңызды, компаниядағы қарым-қатынасыңызды сонда қызмет ететін адамдардың ерекшеліктеріне қарай икемдеу керек.
3. Біздің айналамызда демотиваторлар да, стимул беретін күш те, жағымсыз факторлар да бар, - соларды басқара білу керек. Егер ауқымды бизнес құрғымыз келсе, демотиваторлар жойылатын, ал команда мүшесінің үйрену мен біліктілігін арттыруға деген ниеті қолдау тауып, ынталандырылып отыратын жүйе құруымыз керек.
Оқуымыз мұнымен аяқталмайды, алдағы 3 айда келесі әрекеттерді жүзеге асыратын боламыз:
- ТОП және линиялық басшыларға арналған kpi және мақсаттық көрсеткіштерді анықтаймыз;
- команданың әрбір мүшесіне арналған даму картасы мен ынталандыру жүйесін енгіземіз;
- адами ресурстарды басқару ағашын жасаймыз. Бұл — өте ұзақ әңгіме, келесі жолы айтып беремін.

Текст на русском языке выше