Get Mystery Box with random crypto!

Жарыңнан артық кімің бар? Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер | TOREGALI TOREALI

Жарыңнан артық кімің бар?
Ойлап қарасам, мен үшін бұл күндер - отбасы атты құндылықтың шексіз нығмет екенін терең түсіндіре түсті. Себебі, жарымды одан да қатты бағалап кеттім… Біз адамдар, сондай шүкірсізбіз… Тіпті, жарымның дауысын естіп жүруім - ол да Алланың нығметі екенін сезінбеппін….

Алла қосқан жан-жарыма айтылған әрбір сөздің менің жанымды да жаралап, қанжардай қадалып, жарамды тілімдей бергені рас….
Бірақ, менің жүрегіме Алла одан да үлкен мейірім, одан да үлкен сенім беріп қойғанын осы күндерде түсіндім. Даттап жазған әрбір пенде үшін кешірім тіледім…

“Зор сауаптар, зор сынақпен келеді” - сондықтан, Алланың біз білмейтін, біз көре алмайтын даналығы барына мен шүбәсіз сенемін!

Аллахым, мен саған мойынсұнамын! Бұл тек қана бір өзіңнің қалауыңмен болды! Әлбетте бұл қиындықтың артындағы үлкен жеңілдікке менің үмітім зор…

Раббым, осы күндерді берген өзің! Демек, мен осы сын сағаттардан қалай өтетінімді сен білесің! Бұл сынақтың артында қандай хикметің бар? Маған сол ғана маңызды… Себебі тағдырыма жазылғаннан хайырлы маған ештеңе жоқ екенін мен толық қабылдаймын! Мінсіз тек қана Алла!

Жүрегімде орын алған тыныштық пен саған ғана тәуелді болуым сенің шексіз мейрімің