Get Mystery Box with random crypto!

Қай өңірдің әкімдігінде жемқорлар көп? 2022 жылдың қаңтар–шіл | Тіл кеспек жоқ

Қай өңірдің әкімдігінде жемқорлар көп?

2022 жылдың қаңтар–шілде айында әкімдіктер мен оған тиісті құрылымдық бөлімшелердің 91 қызметшісі жемқорлық бойынша ұсталған. Бұл кейінгі 5 жылдағы рекордтық көрсеткіш. Былтыр дәл осы кезеңде 87 жемқор болған.

Әкімдік қызметкерлері мына баптар бойынша жауапқа тартылған:
* сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету — 28 адам;
* пара алу — 26 адам;
* пара беру — 19 адам;
алаяқтық — 14 адам.

Өңір бойынша ең көп жемқорлық құқық бұзушылық — Түркістан облысында (13 адам), Қызылорда облысы (11 адам) және Шымкент қаласы (9 адам).

дереккөз: Ranking.kz