Get Mystery Box with random crypto!

30 жылдан аса еңбек өтілі бар мұғалімдер тестілеуден босатылад | Тіл кеспек жоқ

30 жылдан аса еңбек өтілі бар мұғалімдер тестілеуден босатылады

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Қазір педагогтер аттестацияның екі кезеңінен өтеді: бірінші кезең - барлық педагогтің пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тестілеуден міндетті түрде өтуі. Ал екінші кезең - педагог портфолиосын, жетістіктерін бағалау.

Енді педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады.

Министрдің сөзінше, егер педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.