Get Mystery Box with random crypto!

ФАРМ решает всё 44 күннен кейінгі пост. Алдыңғы поста тар | Temirlan Quanyshuly

ФАРМ решает всё

44 күннен кейінгі пост. Алдыңғы поста таргетинг этаптары жайлы жазған болатын.

Алғашқы этапы ол «дайындық» (фарм) деп аталады. Көп мамандар бұл процесс кезінде сайт,креативке өте көп көңіл бөліп, фб аккаунтты ескерусіз қалдырады. Соның салдарынан жиі таяқ жеп жатады.

Фарм дегеніміз фб аккаунтты реклама жіберуге дайындау процессін айтады. Аккаунт белгілі бір дайындықтан өтпесе фб бірден күмәнданып подверждение сұрайды немесе бірден бұғаттап тастайды. ВСЁ саламалейкум

СОЛ үшін фарм жасаймыз. Жасау жолдары өте қарапайым. Ол үшін:
- Аккаунтты сатып алған болсаңыз. 1-күні кіріп жай шығып кетесіз. Артық қимыл көп жасасаңыз фб күдігіне ілігесіз.
- Күнде кәдімгі адам сияқты кіріп отырасыз. (Көп уақыт қараусыз қалған аккаунт болса, басында 2-3 күн жай кіріп шығып жүресіз)
- Өзіңіз жайлы мәлімет толтырасыз;
- Постар сала бастайсыз;
- Переписка арқылы сөйлесе бастайсыз;
- Лайк,коментарий жазып белсенді боласыз;
- Видео көресіз;
- Прямой эфирлер көріңіз;

Осындай күнделікті адамдар істейтін әрекеттерді 7-14 күн бойы тұрақты қайталайсыз.

8-9 күні бизнес страница ашып қосымша соны жүргізе бастайсыз. Яғни жіберетін рекламаңызға бизнес страница сай болу керек. Мысалға таргет курс болатын болса сол жайлы ақпарат сала бастайсыз.

Осылай 14-15 күн қайталағаннан кейін ads manager кіріп алғашқы запуск жасайсыз. Алғашқы кезде аз бюджетпен бастайсыз.(10-20$)

Осылай аккаунт алдын ала дайындықтан өтіп барып байгеге қосылады.

Аккаунттарыңыз баннан аман, лидтеріңіз көп болсын