Get Mystery Box with random crypto!

2021 жылға есеп Мал мен жан қайғы уақыттан өтіп,өз-өзіме келд | Temirlan Quanyshuly

2021 жылға есеп

Мал мен жан қайғы уақыттан өтіп,өз-өзіме келдім. Жылдағы салт бойынша өткен жылға қорытынды жасап, алғыс айтпақпын.

2021 жыл табысты әрі берекелі болды. Жоспар толығымен орындалды. Тоқтала кетейін;

- 2020 жылдан бері ойда жүрген кәсіпті бастадым. Салыстырмалы түрде аяқ алысымыз жаман емес;
- Екі мемлекетке саяхаттадым. (Үшінші мемлекетке сәті түспеді)
- Анам мен бірге саяхаттадым;
- Жаңа орта, жақсы адамдармен таныстым;
- Жаңа қабілеттер мен дағдылар қалыптастырдым;
- Медициналық тексерістен өтіп, денсаулығымды қалпына келтірдім;
- Кәсіптегі ұстазым Ерлан Әшім ағамен танысып,өмірлік сабақ алдым;
- Қағазға жазылған 31 нақты арман-мақсатымды іске асырдым;
- Табысым артты. (Құпия болып қала берсін )
- Тұлғалық даму әсіре эмоциянальды деңгейдегі біраз мәселер шешімін тауып, өмірім жеңілдей түсті;
- Ең бастысы өзімді қалыптастыру нәтижесінде табиғи болмысымды түсініп, қабылдап бастадым.

Берекелі, табысты 2021 жыл саған көп-көп рақмет:)

2022 жыл мен үшін үнемдеу һәм тұрақтандыру жылы болмақ. Бәрі өз орнымен,шегі болғаны жақсы.

P.S. Жүздеріңізден күлкі, бойларыңыздан қуат кетпесін. Бақытты болайық